wrapper

Жаңалық

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЕРІКТІ ҰСТАЗДАР 90 МЫҢНАН АСТАМ БЕТПЕРДЕ ТІГІП ТАРАТТЫ

Түркістан облысында ұстаздар қолдан 91 878 медициналық бетперде тігіп шықты. Бетперделер өңіріміздегі ауыл, қала тұрғындарына, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, дәріханаларға және мектеп қызметкерлері мен оқушыларға тегін таратылды. Бұл игі іске облыс көлемінде жалпы 1980 оқытушы өз еріктерімен қатысқан. Соның бірі Кентау қаласындағы Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Айгүл Арыстанбекова. Ол қоғамға қауіпті індеттің таралуы кезінде дәріханаларда бетперделердің жетіспеушілігі алаңдатқанын және сол үшін бетперде тігу ісіне белсене атсалысқанын айтты.

«Осындай қиын шақта біз бірігуіміз керек. Өзімізді ғана ойламай жақындарымызды, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға да қамқорлық танытқанымыз дұрыс. Осы ретте бетперденің жетіспеушілігін білген соң ұжымастарымызбен ақылдасып, бетперде тігуді қолға алдық. Ел басына күн туған кезде қол қусырып отырмай, тығырықтан шығудың жолдарын ойластырып, оны іске асыру әрбір жанның азаматтық борышы деп білеміз», – деді Айгүл Арыстанбекова.

Айта кетейік, аталған білім ордасының қызметкерлері 22-30 наурыз аралығында өз еріктерімен кезекшілікке түсіп, бір күнде шамамен 2-2,5 мың дана бетперде дайындаған. Мұндай ерікті ұстаздардың игі бастамаларын естіген қала тұрғындары да өз үйлерінде бетперде тігіп мыңға тарта бетпердені ортақ қорға қосқан.

Толығырақ

ТҮРКІСТАН: ДЕЗИНФЕКЦИЯ ЖАСАЙТЫН МАМАНДАРҒА ОНЛАЙН НҰСҚАУЛЫҚ КӨРСЕТІЛДІ

Түркістан облысы бойынша дезинфекция орталығының мамандары аудандағы залалсыздандыру жұмыстарымен айналысатын қызметкерлерге онлайн режимде дезинфекция жұмыстарының нұсқаулықтармен таныстырды. Орталықтың өкілі Индира Әубәкірованың айтуынша, қазір онда 109 маман бар, аудандағы өзге де мамандар білікті болып, залалсыздандыру жұмыстарын сапалы атқаруы қажет.

«Дезинфекциялық құралдармен жұмыс істеуге 18 жастан асқан тұлғалар жіберіледі. Техникалық құралдармен жұмыс істегенде және дезинфекциялық ертіндінідайындау кезінде жеке бас қорғанышын сақтау үшін міндетті түрде арнайы қорғаныс киімін қолдану қажет. Залалсыздандыру іс-шараларын жүргізу кезінде қолданылатын дезинфекциялық препараттардың қауіптілік деңгейлеріне байланысты4-ші сыныпқа жатқызылған қауіптілігі аз препараттарды, әдістемелік нұсқамасына сай қолдануға рұқсат беріледі. Сондай-ақ, дезинфекциялық іс-шараларын жүргізу алдын міндетті түрде көршілерге ескерту жасалып, үйде науқас немесе мүгедек адамдар болмаған жағдайда жүргізеді», - деді Индира Темірханқызы.

Сонымен қатар, ол үй егелеріне залалсыздандыру жұмыстарынан кейінбелгілі бір уақыттабөлмелерге ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізіп, препараттың жағымсыз исі кеткенше желдетіп кіру қажет екені ескертілу керектігін айтты. Бұдан өзге мына нұсқауларлықтарды баяндады: 1) дезинфекциялық жұмыс барысында темекі шегуге, тамақ ішуге тыйым салынады; 2)дезинфекциялық заттармен бірге тамақ өнімдерін сақтауға, тасымалдауға қатаң тыйым салынады. 3)жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін дезинфекциялық құралдарды әдістемелік нұсқамасына сай қолдану қажет және қараусыз қалдыруға немесе біреуге беруге болмайды. 4)жұмыс орындарындақолданылған құрал-жабдықтарды, жұмыс істейтін жабдықтарды қараусыз қалдыруға тыйым салынады. 5)жұмыс күні аяқталғаннан кейін әрбір қызметкер өзінің жұмыс орнында құрал-жабдықтырдың ажыратылғанын тазаланғанын тексеріп, жұмыс орнын ретке келтіруге міндетті.

Ал егер деабайсызда уланған жағдайда мынадай алғашқы көмектер көрсетіледі:тыныс алу мүшелерінің тітіркендірілуі байқалған жағдайда жұмысты тоқтатып, зардап шегушіні жұмыс жайынан таза ауаға немесе жақсылап желдетілетін бөлмеге шығарады; ауыз бен мұрын қуысын сумен шаю керек;қажет болған жағдайда дәрігерге көріну керек; егер ерітінді асқазанға түссе, 10-20 үгітілген белсендірілген көмір таблеткаларымен бірнеше стакан су ішкізу керек, дәрігерге көріну қажет; құрал көзге тиіп кеткен жағдайда, көзді 10-15 минут бойы ағын сумен жуып, натрий сульфациліннің 30 % ертіндісінтамызу керек.

Толығырақ

ТҮРКІСТАН: ХАЛЫҚТЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТТАРЫН АЗЫҚ-ТҮЛІК ПАКЕТІМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТЕТІГІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияcы отырысында берген тапсырмасына сәйкес, республика бойынша төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, қажетті заттармен келесі санаттағы азаматтар қамтылады. Атап айтқанда, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 6-18 жас аралығындағы балаларымен қоса өзге де мүшелері;

Ал, карантин аумағында қалған қалалар үшін:

-I және II топқа жататын мүгедек ересек адамдар және балалар;

-Мүмкіндігі шектеулі бала күтімімен үйде отырған ата-аналар;

Құны 2 АЕК-тен төмен емес азық-түлік және тұрмысқа қажетті заттар құрамын жергілікті атқарушы билік айқындайды. Азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтармен қамтамасыз ету көмек алушы тұлғалардың шоттарына ақшалай қаражатты аудару жолымен немесе заттай түрде жүзеге асырылады. Республикалық бюджеттен бір адамға бөлінетін жиынтық бағасы 5 647 тг құрайды. Берілетін көмек көлемін ұлғайту жергілікті бюджеттен қарастырылады.

Айта кету керек, бұл жиынтық құрамына антисептик, бетперде, қолғап секілді қорғаныс құралдары кірмейді. Түркістан облысы карантин аймағына кірмейтіндіктен, жоғарыда аталған көмек АӘК алатын отбасының6-18 жас аралығындағы балаларына ғана беріледі.

Сонымен қатар, Елбасының «Біз біргеміз» атты бастамасын қолдау мақсатында, «Nur Otan» партиясының барлық филиалы республикалық маңызы бар қалаларда, облыс орталықтарында және халқы 85 мың адамнан асатын қалаларда жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармаларымен және бөлімдерімен бірлесіп, "BizBirgemiz" қорының қаражатынан көмек көрсететін болады. Қордан көмек алушылар жеті санатқа бөлінген:

- аз қамтылған көп балалы отбасылар;

- I топтағы мүгедектер;

- мүгедек бала күтімімен отырған адамдар;

- зейнеткерлер (ең төменгі және төмен зейнетақы алатындар);

- жетім балалар және 1 асыраушысынан айрылған жетім балалар;

- ҰОС мүгедектері және оларға теңестірілгендер;

- тыл еңбеккерлері.

Қазіргі таңда облыс бойынша «Біз біргеміз» қорынан көмек алатындар тізімі жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімі тарапынан жасақталды.

Толығырақ

ТҮРКІСТАН: МЕКТЕПТЕР ОНЛАЙН САБАҚ ӨТУГЕ ДАЙЫН

Түркістан облысындағы білім ұялары 6-сәуірден бастап толықтай қашықтықтан оқыту жүйесіне көшеді. Яғни, өңірдегі барлық оқушылар 4-ші тоқсан бойынша мектеп бағдарламасындағы сабақтарын өз үйлерінде онлайн режимде 2 ауысымда оқиды.

Осы жаңаша жүйені тиісті деңгейде іске асыру үшін мамандар аталған салаға мониторинг жұмыстарын жүргізіп, оқушылар мен оқытушылардың қашықтықтан оқыту жүйесіне дайындығын пысықтады.

Бүгінде қашықтықтан оқытуға арналған арнайы порталдар дайындалып, іске қосылып отыр. «Bilimland», «Google Classroom», «MOODLE», «Univer», «Platonus», «Canvas», «Daryn.online» сынды жүйелер балаларды білім нәрімен сусындатпақ.

Әрбір оқушы сонда тіркеліп, тиісті үй тапсырмасын алып оқуын жалғастыра алады. Сондай-ақ, еліміз бойынша оқушылар мектеп бағдарламасындағы пәндерді қазақ тілінде «Балапан», орыс тілінде «Еларна» телеарнасынан да оқып үйренуге мүмкіндік туады. Оқу бағдарламасын қайталап оқуды республикалық телеарналардан бөлек жергілікті жердегі телеарналар да қосымша жүзеге асыратын болады.

Толығырақ

ТҮРКІСТАН: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА ҚҰДАЛЫҚ ӨТКІЗГЕНДЕР 5 ТӘУЛІККЕ ҚАМАЛДЫ

Облыста төтенше жағдайға қарамастан құдалық өткізіп, қыз ұзатқан, туған күн тойлатқан азаматтар 5 тәулікке қамалған. Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтамағаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 476 «Төтенше жағдай режимін бұзу» бабы бойынша 115 нысанға құқықбұзушылық туралы хаттама рәсімделіп, сотқа жолданды. Сот шешімімен 28 тұлғаға 10 АЕК есебінде айыппұл салынып, 16 тұлға қамауға алынды.

Бұл туралы Түркістан облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаметі басшысының орынбасары Бақтыораз Елемесов мәлімдеді.

Сонымен қатар, ол қоғамдық орындарда азаматтар мейлінше бетперде пайдаланып, нысандар есік тұтқаларын дәке маталармен орау -санитарлық талаптарға сай емес екенін айтты.

Айта кетейік, арнайымониторинг топтарымен дезинфекциялау шаралары күнделікті бақыланып, атқарылған жұмыстарақпараты ситуациялық орталыққа күнделікті ұсынылып отыр.

Толығырақ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Түркістан облысында коронавирус тіркелген жоқ. COVID-19-бен күрес және індеттің алдын алу облыс бойынша кең ауқымда жүргізіліп жатыр. Бүгіннен бастап Түркістан облысының аумағына азаматтардың кіріп-шығуын бақылап, тексеруден өткізетін блок-посттар саны 38-ге жеткізілді. Бақылау бекеттерінен тәулігіне 36 мыңнан астам адам тексеруден өткізілуде. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, өңірдегі блок-посттарда бейнебақылау камералары орнатылған. Оған қоса «Сергек» камералары арқылы полиция қызметкерлері көліктердің бағытын қадағалап отырады. Барлық бейнежазылым 30 күн бойы сақталады.

Шетелдік нөмірлі көліктер мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан келген көліктерді тіркеуге алу бойынша қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Бақылау бекеттерінде полиция, дәрігерлер мен жедел-жәрдем және төтенше жағдай қызметкерлері тәулік бойы қызмет етуде. Блок-посттардағы бейнебақылау камералары облыс әкімдігінде құрылған ахуалдық орталыққа қосылған. Коронавирус індетінің таралуына жол бермеуге және жағдайды сараптамаға ала отырып, халыққа шынайы ақпарат дерегін жариялап отыруға бағытталған тәулік бойы жұмыс істейтін ахуалдық орталықта барлық құзырлы басқармалардың мамандары жұмылдырылған.

COVID-19 пневмониясымен күрес үшін Түркістан қаласындағы қоғамдық орындарда да сақтық шаралары қатаң бақылауға алынған. Облыс әкімдігінің ұйымдастырумен тұрғындардың сауалдарына шұғыл жауап беру үшін арнайы Call–орталық жұмыс істейді. Call – орталық 109 нөмірі арқылы тәулік бойы 24/7 форматта қоңыраулар қабылдайды.

Инфекцияның алдын алу және онымен күрес бойынша барлық мәліметті Түркістан облысы әкімдігінің «ТүркістанCOVID-19 облыстық шұғыл ақпарат тарату штабы» парақшасынан да білуге болады.

Толығырақ

ТҮРКІСТАН: БЛОК-ПОСТТАРДАҒЫ БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫ ОБЛЫСТЫҚ СИТУАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚҚА ҚОСЫЛҒАН

Бүкіл әлемді үрейге бой алдыртқан пандемия күре жолдарда қауіпсіздік шараларын күшейтуді мәжбүр етті. Түркістан қаласына кіреберісте Ынтымақ, Кентау, Шәуілдір, Балтакөл блок - посттары мен Теміржол вокзалындағы бақылау өткізу бекеттерінде 15 бейнебақылау камералары орнатылды. 5 бекеттің әрқайсысында 3 "Сергек" камерадан қойылған. Барлық бейнежазылым 30 күн бойы сақталады.

Бұдан бөлек 2 бейнебақылау камерасында автокөліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірлерін тану жүйесі іске қосылған. Әсіресе, Нұр-Сұлтан, Алматы және шетелдік нөмірлі көліктерді тіркеуге алу бойынша қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Онда полиция, дәрігерлер мен жедел-жәрдем және төтенше жағдай қызметкерлері тәулік бойы қызмет етуде.

Облыс көлемінде орналасқан бекеттердегі бақылау камералары Түркістан облысы әкімдігі тарапынан құрылған облыстық ситуациялық орталыққа қосылған. Онда барлық сала жетекшілерінен жиылған облыстық штаб мүшелері тәулік бойы жұмыс істейді. Түркістан облысы Аумағында инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша барлық қажетті медициналық, профилактикалық және ұйымдастыру шараларын қабылдады.

Түркістан қалалық емхана мамандары азаматтардың дене қызуын тексеріп, дәрігерлік бақылаудан өткізеді. Ауруға күдікті ешкім тіркелген жоқ. Блок-посттардан бір тәулікте екі мыңнан астам адам өтеді. Ел амандығы үшін күні-түні жұмыс істеп жүрген қызметкерлер үшін мүмкіндігінше барлық жағдай жасалған. Бекет басына ауыз су, жарық жеткізіліп, дәретхана мен шатыр (палатка) қамтамасыз етілген.

Коронавирус індетінің алдын алу мақсатында сондай-ақ қаладағы қоғамдық орындарда сақтық шаралары қатаң бақылауға алынған. Жалпы, Түркістан облысы бойынша қауіпті дерт жұқтырған жағдай анықталған жоқ. Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастырумен тұрғындар сауалдарына шұғыл жауап беру үшін арнайы Call–орталық жұмыс істейді. Call – орталық 109 нөмірі арқылы тәулік бойы 24/7 форматта қоңыраулар қабылдайды.

Инфекцияның алдын алу және онымен күрес бойынша барлық мәліметті Түркістан облысы әкімдігінің «ТүркістанCOVID-19 облыстық шұғыл ақпарат тарату штабы» парақшасынан білуге болады

Толығырақ

ТҮРКІСТАН: 20 МЫҢҒА ЖУЫҚ БЕТПЕРДЕ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ

Бүгін Кентау қаласында 20 000 жуық бетперде тегін таратылды. Игі іске қаладағы еріктілер ұйымы ұйытқы болып отыр. Әрбір көшені аралап тұрғындарға бетперде мен арнайы қорғаныш қолғаптарын тарту еткен жастар, коронавирустан қорғану жолдарын түсіндірді. Көшеге көп шықпау керектігін және адамдар көп жиналатын жерлерге бармау қажеттігін ескертті. Сақтық шараларын үнемі сақтауды айтып, түрлі кеңестермен бөлісті.

- Еріктілер бетперделерді өздері қолдан тікті. Қазір қала көшелерінде біршамасын таратты. Сондай-ақ, қалаға кіре-беріс қақпада орналасқан блок-посттағы келушілерге берді. Енді, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, ардагерлерге және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үйлеріне алып барып береміз. Бұл игі істі алдағы уақытта да жалғастыратын боламыз – дейді қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы Қанат Бекметов.
Сондай-ақ, қазіргі таңда қала көшелері мен саябақтарға, гүлзарлар мен аллеяларға, көп қабатты тұрғын үйлердің подъездері мен аулаларына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.

Толығырақ

Warning: Illegal string offset 'active' in /var/www/vhosts/turkistan-kazigurt.kz/turkistan-kazigurt.gov.kz/templates/sj_financial/html/pagination.php on line 97

Warning: Illegal string offset 'active' in /var/www/vhosts/turkistan-kazigurt.kz/turkistan-kazigurt.gov.kz/templates/sj_financial/html/pagination.php on line 103

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 24 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

Блог

Армысыздар, Түркістан облысының  Қазығұрт ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family