wrapper

Жаңалық

Түркістан қаласындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы тұрақты. Халық күнделікті тұтынатын тауарлардың бағасының жай-күйiн, сауда орындары мен базарлардағы азық-түлiк қорын бағамдау және санитарлық жағдайын қарау мақсатында облыс əкiмiнiң орынбасары М.Мырзалиев бастаған облыстық Кәсіпкерлік және сауда басқармасы, Бəсекелестiк қорғау департаментi, Түркiстан қаласы əкiмдiгi мен Тұрақтандыру қорының мамандарынан құралған жұмысшы топ Түркiстан қаласындағы бiрқатар нысандарды аралап шықты.

Атап айтқанда, «Шапағат», «Дастарқан», «Бәйтерек» сауда орындары, «Əзиз», «Қуаныш» базарлары мен əлеуметтiк дүкендердiң қалыпты режимде қызмет iстеп жатқандығын, азық-түлiк қорының жеткiлiктi екендiгiн жəне бағалардың негiзсiз ɵсiмi орын алмағандығына кɵз жеткiздi.

Елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты, азық-түлік тауарларының бағасын өсірмеу және жасанды тапшылыққа жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қоғамдық орындарда санитарлық және дезинфекциялық шараларды қолдану керектігі айтылды. Сондай-ақ, сауда орындары басшыларымен тɵтенше жағдай кезеңiндегi талаптардың орындалуын қатаң сақтау ескертiлдi.

Түркістан қаласында азық-түліктің бағасын негізсіз өсуін бақылау мақсатында қауырт желі іске қосылды. Егер тұрғындар тарапынан азық-түліктің бағасы өскені байқалса 8 (72533) 5-93-28 және 87476935285 желілеріне қоңырау шалып жағдайды хабарлай алады.

Пікір қалдыру

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 21 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Армысыздар, Түркістан облысының  Қазығұрт ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family