wrapper

Жаңалық

Бүгін «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен Түркістандағы «Қуаныш» орталық базарындағы азық-түлік бағасына мониторинг жүргізілді. Мониторингтік топ құрамында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Тәжібаев, Түркістан облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшылығы, орталық базар басшылығы және БАҚ өкілдері болды.

Бүгінде коронавирус дертінің таралуына байланысты Қазақстан Республикасында төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Мониторинг барысында азық-түлік бағасы тексеріліп, базар басшылығы мен кәсіпкерлерге бағаны негізсіз көтермеу керектігі айтылды.

Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Тәжібаев бағаны бақылау бағытында мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүретінін айтты.

«Өздеріңіз білетіндей, қазір әлем дүрлігіп тұр. Осы сәтте ел болып бірігіп, жұдырықтай жұмылып әрекет еткен жөн. Әр кәсіпкер, әр азамат өз саласы бойынша елге пайдалы жұмыс істеуі тиіс. Кәсіпкерлер мүмкіндігінше бағаны қолдан өсірмей, елдің жағдайымен санасқаны абзал. Бүгін мониторнг барысында ет, нан, күріштің бағасы қымбаттамағанын көрдік. Тиісінше картоп, шекер және тауық еті сынды бірнеше тауар түрі сәл қымбаттаған. Жуырда министрлік тарапынан халық жиі тұтынатын азық-түлік өнімдеріне шектік баға қойылады. Бағаны өсірмеу үшін тұрақтандыру қорындағы өнімнің де маңызы зор. Біз мониторинг қорытындысы бойынша әкімдік пен тиісті басқармаға ұсыныстар береміз. Тексеру барысында кәсіпкерлер бағаны өтірік төмендетіп қоймауы үшін мұндай тексеру жұмыстары ескертусіз әрі тұрақты жүретін болады. Партияның аудандық және қалалық филиалдары да сауда орындарында мониторинг жүргізіп жатыр», – дейді ол.

Ал «Қуаныш» базарының басшысы Инара Әбдіғаппарова бағаны өсірмеу бағытында жұмыс жүріп жатқанын, тауарға 10-15 пайыздан артық үстемақы қоймау жағы қатаң бақылауда екенін мәлімдеді.

Бүгінде «Қуаныш» базарында жылқы еті 1900 теңге болса, сиыр мен қой еті де 1800-1900 теңге аралығында саудануда. Нан 60-70 теңге аралығында.Яғни, баға өспеген. Ал картоп бағасы 140-150 теңгеге жеткен. Көкөніс пен тауық еті аздап қымбаттаған.

Түркістан облысында 72 базар бар. Оның ішінде 14-і мал базары, болса,4 автокөлік және 54 әмбебап базар халыққа қызмет етеді. Ал Түркістан қаласында 8 базар бар. Оның үшеуі – әмбебап базарлар.

Облыс орталығындағы «Əзиз», «Қуаныш» базарлары мен əлеуметтiк дүкендер қалыпты режимде жұмыс істеуде. Сатып алушылардың саны қалыпты, азық-түлiк тапшылығы жоқ.

Бүгінгі күнге облыс аумағындағы қоймалар мен ірі сауда нысандарында 19 атаулы тауардан 30 878 тонна өнім сақтаулы тұр. Бұл көрсеткіш күнделікті өзгеріп тұратыны белгілі. Жалпы азық-түлік қоры жеткілікті. Азық-түлік бағасының өспеуі «Nur Otan» партиясы мен облыс әкімдігінің тікелей бақылауында болады.

Пікір қалдыру

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 16 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Армысыздар, Түркістан облысының  Қазығұрт ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family