wrapper

Жаңалық

Мақтаарал ауданындағы жаңа мөлтек ауданда алғашқы екі үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Қазір екі баспананың есік-терезелері орнатылып,  ішкі әрлеу жұмыстары алдағы бір-екі күнде толығымен аяқталмақ. Бұдан бөлек, 5 үйдің шатыры жабылып, қалған 13 үйдің қабырғалары өрілуде. Құрылыс жұмыстары бітуге таяп қалған қос үй "Нүрі-Л-Жетісай" компаниясына тиесілі.  Бүгінде аталған компанияда 130 құрылысшы мен 20 -дан астам техника тынбай жұмыс істеуде.

 «Қазір құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сай жүргізілуде. Құрылыс материалдарынан қолбайлау жоқ. Қол күші мен техникалар жеткілікті. Соның нәтижесінде біз алғашқы екі үйіміздің құрылысын аяқтауға жақынбыз. Мұндағы құрылысшыларға барлық жағдайлар жасалған. Белгіленген кестеге сай жұмыс атқару үшін екі кезеңде еңбек етуге тура келіп тұр. Жалпы біздің компания осы мөлтек ауданнан 20 үйдің құрылысын салуды өз мойына алған болатын», – дейді «Нүрі-Л-Жетісай» компаниясының шебері  Жұмағали Әйтеков.

«Нүрі-Л-Жетісай» компаниясы жаңа мөлтек аудандағы құрылыс жұмыстары бойынша көш бастап келеді. Өйткені олар жаңбырлы кезеңдерде де тоқтаусыз жұмыс істеп, ауыр техникалар жүретін жолдарға дер кезінде тас төсеп отырыпты. Содан болса керек, мұндағы үйлердің іргетастары бір мезетте құйылып, қабырғалары да бір кезеңде қалануда.

Жалпы айта кетейік, жаңа мөлтек ауданда 37 мердігер мекеме тұрғын үй құрылысын жүргізуде.  Мұндағы 383 тұрғын үйдің құрылысына 1334 адам жұмылдырылған. Бұл үйлердің құрылыс жұмыстары ҚР Үкіметінің резерві және Қорлар есебінен («Б.Өтемұратов», «Салиқалы ұрпақ» және «БізБергеміз») жүргізілуде.

Пікір қалдыру

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 29 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Армысыздар, Түркістан облысының  Қазығұрт ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family