wrapper

Жаңалық

Жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға арналған «Елбасы Медалі» жобасы басталды. Бағдарлама негізгі 7 бағыттан тұрады. Олар: спорт, дарындылық пен дағдыны дамыту, кітап оқу, волонтерлік, ұлттық мұра, туристік және жұмыс тәжірибесі. Бағдарлама 14 пен 29 жас аралығындағы балалар мен жастарға арналған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев мәлімдеді.

«Елбасы медалі» бағдарламасын “El Úmiti” бастамасы аясында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының және «Елбасы Академиясы» Корпоративтік қоры жүзеге асырады. Бағдарлама 14-29 жас аралығындағыларға арналған. Ол үш деңгейде болады: қола, күміс және алтын. Қолаға 14 жастан, күміске 15 жастан, алтынға 16 жастан бастап қатысушылар үміттене алады.  Әр деңгейде қатысушылардың сабақ ұзақтығы мен жиілігіне қойылатын талаптар ұсынылған», - деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ, баспасөз мәслихатына қатысқан «Елбасы Медалі» бағдарламасының Түркістан облысы бойынша координаторы Қайырым Әнуарбеков медальді алу ережесі мен оның жеңілдіктерімен таныстырды.

«Бағдарлама ерікті түрде. Жастарға міндеттелмейді. Бағдарламаға қатысу үшін me.fpp.kz сайтында тіркелу қажет. Қосымша ақпарат алу үшін 7170 сall-орталығына хабарласуға балады. Әр деңгейде қатысушылардың сабақтарының ұзақтығы мен жиілігіне талаптар қойылады. Қола деңгейге жету үшін 6 ай, күміске 12 ай және алтынға 18 ай қажет. Қатысушылар өздерінің жетістіктерін бағалайтын тәлімгерлермен жұмыс істейді. Бағдарламаның негізгі міндеті 7 бағыт бойынша мақсат қойып, оларға жүйелі түрде қолжеткізу. Жоба алдағы уақытта білімді және табысты жас азаматтың символына айналатынына сенімдіміз. Медаль иегерлері баллдары тең болған жағдайда, ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру гранттарын алуға басым құқыққа ие болады. Біздің өңір «Елбасы Медалі» бағдарламасының үздік қатысушылары қатарында болады деп үміттенемін», - деді ол.

Бағдарламаға қатысу арқылы жастар өз уақыттарын басқаруды, алдына мақсат қоюды және оларға жүйелі түрде қол жеткізуді үйренеді; салауатты өмір салтын ұстанатын болады және өзін-өзі үнемі дамытады. Көрсетілген нәтижелер негізінде бағдарлама қатысушылары алтын, күміс және қола медальдермен марапатталады. 

Пікір қалдыру

Қазақстандағы цифрлық телевидение

images/Habarlandru/2.jpg

We have 27 guests and no members online

Байланыс желілері

Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының байланыс желілері

 

Блог

Армысыздар, Түркістан облысының  Қазығұрт ...
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Green Red Radian
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family